Курс туралы ақпарат

Информатика сабағында белсенді оқыту әдістері

«Информатика сабағында белсенді оқыту әдістері» онлайн курсы «Информатика» пәнінен жалпыға міндетті орта білім берудің стандарттарына сәйкес үлгілік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген. Жалпы курс информатика пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге және білім сапасын артыру мақсатында белсенді оқыту әдістері арқылы информатика сабақтарын ұйымдастыруға қызығушылық танытқан барлық тыңдаушыларға арналған.

Курстың мазмұны Парето қағидасы бойынша жасалған. Экономист және әлеуметтанушы Вильфредо Парето атымен аталған эмпирикалық ереже жалпы жағдайда «20% күш салу нәтиженің 80%, ал қалған 80% күш салу нәтиженің тек 20% мөлшерін ғана береді» түрінде тұжырымдалады. Бұл қағида оқытудың белсенді әдістерін шолуға жұмсалатын уақытты барынша ықшамдап, негізгі уақытты осы тәсілдерді информатика сабақтарына бейімдеуге жұмсауға мүмкіндік береді. Осы онлайн курста қарастырылатын белсенді және интербелсенді оқыту әдіс-тәсілдері оқушылардың «Информатика» пәнін оқуға деген ынтансын күшейтіп, олардың бойында өз оқуына деген жауапкершілікті, ХХІ ғасыр дағдылары мен құзыреттіліктерін дамытуға қажетті құралдарды ұсынады. Курстың құрылымында теориялық және практикалық материалдармен қатар өз бетінше зерделеуге арналған ресурстартарға сілтемелер мен қосымша материалдар берілген.

Онлайн курс «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен серіктестікте әзірленген.

Уақыт:

65
сағат

Саны:

13
сабақ

Көрсетілді:

4274

көрсетілім

Берілді:

43
сертификат
Курс бағасы:

5 000

Использовать промокод

Промокодты білмесеңіз, ештеңе жазбаңыз.
Курс бағдарламасы