Біз туралы
Жоба философиясы
Əлем тез өзгеріп отырады. Технологиялар, жылдамдық, құндылықтар, қажеттіліктер... Мемлекет, қоғам жəне бизнес дамудың жаңа жолдарын үнемі іздеуде. Бірақ мектеп маңызды қоғамдық мекеме жəне өзгерістердің ең басты агенті болса да, қалғандарына қарағанда баяу өзгеруде. Қазіргі оқушылар мұғалімдерге қарағанда жаңа əлемге көбірек бейімделген. Сондықтан мектеп абыройын, ал мұғалімдер беделін жоғалтуда. Балаларға өмір дағдыларын үйретуге тырысқан мұғалімдердің өздері де осы мүмкіндіктен айырылған. Педогогикалық оқу орындарының бағдарламасы жаңаруы қажет. Мұғалімдерді үздіксіз оқытудың заманауи, индивидуал жəне икемді жүйесі керек. Сонымен қатар ол жүйе - əрбір мұғалімнің жеке көмекшісіне айналып, кез келген сəтте көмектесуге жəне қолдау көрсетуге дайын болуы керек. academia.kz - əрбір мұғалімге кез келген жерде жəне кез келген ыңғайлы уақытта барлық əдістемелік жəне тəжірибелік көмек көрсетуге қабілетті педагогикалық шеберліктің озық зертханасы болу үшін шығармашылық жəне инновациялық оқытудың тəжірибесін синтездеуді өзіне мақсат етеді.