Айдосова Толқын Қайырбекқызы
Математика және информатика пәнінің мұғалімі, Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік пәндер ғылымы факультетінің магистрі.
Жалпы білім беретін мектептерде және Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім болып қызмет атқарған.
2009-2010 жылдары Өскемен қаласының ресурс орталығында әдіскер болып жұмыс істеген.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Педагогикалық шеберлік орталығында мұғалімдердің және мектеп басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламалары бойынша сертификатталған тренер ретінде қызмет етеді.
Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Корея эксперттері өткізген семинарлар мен тренингтерге қатысқан. Республикалық және халықаралық конференцияларда баяндама жасаған.
Педагог қауымына арналған бірнеше әдістемелік құралдары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген мақалалары бар.