Microsoft корпорациясының мұғалімдерге арналған біліктілікті арттыру курстары

Мұғалімдердің тиімді болуына көмектесу үшін олардың дамуына инвестиция салу оқушылардың үлгерімін арттырудың негізі факторы болып саналады. Мұғалім жұмысының сапасы мектептегі оқу бағдарламасына немесе ресми саясатына қарағанда оқушыларға көбірек әсер етеді. Ал іс жүзінде мұғалім жұмысының тиімділігі-бұл отбасылық жағдайды қоспағанда, оқушылардың үлгеріміне әсер ететін ең үлкен фактор.

Білім беруді өзгерту үшін барлық мұғалімдердің, басшылардың және басқа да мектеп қызметкерлерінің өмір бойы білім алып, өз әдістерін үнемі жетілдіруге және жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндігі мен әлеуетінің болуы өте маңызды.

Microsoft педагогтер үшін көптеген пайдалы ресурстар әзірледі және қазір келесі курстардан өтуді ұсынады:

 

Аралас немесе гибридті оқу ортасын ұйымдастырудың озық тәжірибелері мен кейбір негіздеріне назар аудара отырып, бұл курстар кәсіби өсу жолындағы алғашқы қадам бола алады. Microsoft мұғалімі белгісін алу үшін Learn Educator Center білім беру платформасында немесе бетпе-бет оқытатын білім беру саласындағы серіктестеріміздің бірінде курстарды тегін оқып көріңіз. Курстар ағылшын және орыс тілдерінде қолжетімді, сондай-ақ 2023 жылдың тамызында қазақ тілінде де дайын болады.

Microsoft корпорациясының миссиясы - әлемдегі әр адамның және ұйымның бар мақсаттарына қол жеткізуіне жағдай жасау.