Ұстағалиева Алтын Опағалиқызы
Филолог, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы. Педагогика ғылымдарының магистрі.
Жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарған 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар.
«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында мұғалімдердің біліктілігін арттырудың деңгейлі курстарында тренер қызметін атқарған.
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған тренер, бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша тренерлерді оқыту курсын аяқтаған.
Педагогикалық қызмет аясында жарияланған оқу-әдістемелік құралдары мен ғылыми мақалалары бар.
2014 жылдан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Білім беру бағдарламалары бөлімінде қызмет атқарады.