Кәбдікәрімова Жанбота Жетілбекқызы
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Гуманитарлық ғылымдар магистрі. Жалпы білім беретін мектептерде және «Назарбаев Зияткерлік мектебінде» мұғалім және мекеме жетекшісі лауазымында қызмет атқарған.
2014-2015 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің педагогтерін біліктілікті арттыру курстарында оқыту, сондай-ақ smart-learning біліктілікті арттыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша (smart.orleu-edu.kz сайтын, қысқа мерзімді курстардың тақырыптары бойынша сандық контент, оқу бағдарламасын, әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу жұмыстарын үйлестіру) жетекшілік етті.
2015 жылдың наурыз айынан бастап «Педагогикалық шеберлік орталығында» жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, АҚШ, Ұлыбритания, Сингапур, Нидерланды, Жапония сарапшыларының семинарлары мен тренингтеріне қатысқан. Республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеген, мақалалары халықаралық конференциялардың жинақтарында жарияланды.