Жумабаева Салтанат Гиззатовна
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Инновациялық үлгідегі жалпы білім беретін мектеп мұғалімі мен басшысы орынбасарының жұмыс тәжірибесі бар.
2011-2014 жылдары Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ қосымша білім беру бөлімінің әдіскері және деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері болып жұмыс істеді.
2014 жылдың тамызынан бастап «Педагогикалық шеберлік орталығында» жұмыс істейді.
Пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің кәсіби дамуы, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының бағдарламаларын әзірлеу бойынша Кембридж Халықаралық емтихан кеңесінің сертификаттары және «ELForum 2018» қашықтықтан оқыту практикаларының халықаралық конференциясына қатысушы сертификаты бар.