Математиканы оқытудың белсенді әдістері
«Математиканы оқытудың белсенді әдістері» онлайн курсы математика пәні мұғалімдеріне, магистранттар мен әдіскерлерге, математикаға және оны оқытуға қызығушылық танытқан барлық тыңдаушыларға арналады.
Курс бағдарламасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогтердің математика сабағында оқушылардың белсенді оқуын ұйымдастыру үшін кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Онлайн курс барлық оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын арттыру, білім беру процесіне тарту үшін оқытудың белсенді әдістерін таңдау, тәжірибеде қолдану және бағалау дағдыларын меңгертуге бағытталған.
Онлайн курс «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен әріптестікте әзірленген.
Уақыт:
Саны:
Көрсетілді:
көрсетілім