Менторлық негіздері
Менторлықтың берері көп. Тек қажетті қадамдар дұрыс жасалса болғаны. Ол адамдардың қызметінің жемісті де жеңісті болуына жол ашады. Мансабының өсуіне сеп болып, маман ретінде кемелденуіне көмектеседі. Сондай-ақ, менторлықтың ұйымдағы қызметкерлер қабілетінің одан әрмен шыңдалуына тигізер ықпалы аз емес.
Бұл курс барысында сіз өзгелерге ментор болудың қыр-сырын үйреніп, кәсіби өмірде жетістікке жетудің жолдарын игересіз. Коучинг пен менторлықтың аражігін айырып, майталман ментор болудың қарапайым техникаларын меңгересіз. Сонымен бірге, менторлық кестесін құруды, мақсатты анықтап, маңызды сұрақтар қоюды және пайдалы кеңес беруді бір кісідей біліп шығасыз.
Уақыт:
Саны:
Көрсетілді:
көрсетілім