Курс туралы ақпарат

IELTS тестіне дайындық курсы

IELTS тесті әлемдегі ең кең тарған тесттердің бірі. Оны әркім түрлі себептермен тапсырады, бірі шетелдік жоғарғы оқу орнына түскісі келсе, енді біреулері миграция мақсатында IELTS тестін тапсырып жатады. Сіздің мақсатыңыз қандай болмасын, бұл курста біз IELTS тестін толыққанды түсіндіретін боламыз. Дегенмен, курс барысында академиялық IELTS мысалдары келтіріледі. Сондықтан, бұл курс академиялық IELTS-қа негізделген.

Курс халықаралық біліктілігі мен шетелдік тәжірибесі бар мамандармен құрастырылған. Аталмыш курсты аяқтаған соң сіз IELTS құрылымын, оның қалай бағаланатынын, барлық 4 бөлім бойынша қажетті стратегияларды, IELTS тестінде жиі кездесетін сөздерді білетін боласыз, сондай-ақ IELTS тапсырушылардың қателерін талдап, тест күні жақындағанда және тест күнінде не істеп, не істемеу керектігін, өзіңізді қалай ұстау керек екенін үйренетін боласыз.

Сонымен қатар Қазақстандық және шетелдік мұғалімдердің ұйымдастыруымен өтетін вебинарларға қатысу арқылы тілдік біліктілігіңізді арттыра түсесіз. Вебинар барысында IELTS тестіне қажетті тапсырмалар беріліп, түрлі мысалдарға талдау жүргізіледі. Курс соңында IELTS Writing Task 1 немесе Task 2 эссесін жазып, біздің мұғалімдермен өтетін Speaking Session-ға қатысасыз. Жызылған эссе тексеріліп, толыққанды feedback беріледі, ал Speaking Session нәтижелері сол сәтте шығарылып, тиісінше кеңестер айтылады.

Онлайн курсты тәмәмдаған соң, қорытынды тесттен өтуіңіз керек.

Уақыт:

72
сағат

Саны:

25
сабақ

Көрсетілді:

3405

көрсетілім

Берілді:

4
сертификат
Курс бағасы:

12 000

Курс бағдарламасы
Модуль1 КУРСҚА КІРІСПЕ 1 сабақ
Модуль7 ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 2 сабақ
Модуль8 ТЕСТ 1 сабақ