Курс туралы ақпарат

«Педагогті әдістемелік қолдау» біліктілікті арттыру курсы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы»
Заңына сәйкес (5 тарау, 29 бап, 1, 2 т.) әдістемелік жұмыс «білім мен ғылымды
интеграциялауға, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету және жетілдіруге,
оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мен енгізуге, білім беру ұйымдарында
педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыруға» бағытталған.


Жетекші білім беру құндылықтарының «бағыттаушысы» болуға, оларды
мұғалімге жеткізуге тиіс жоғары кәсіби әдіскерлерге деген жоғары қажеттілік
тиімді оқу-әдістемелік қолдау қажеттілігінен көрінеді. Өкінішке орай, әдістемелік
кабинеттерде кадрлардың тұрақталмауы байқалады, негізінен онда тәжірибесіз
қызметкерлер жұмыс істейді. Нәтижесінде уақытылы әдістемелік қолдау
көрсетілмейді, бұл оқыту мен оқыту сапасына әсер етеді.


Қазіргі уақытта Қазақстанда 2600 әдіскер бар. Әдістемелік жұмысты
ұйымдастыру мәселелерінің ерекшелігін ескере отырып, курстық дайындықты
қажет ететін әдіскерлердің саны 87% құрайды. Осыған байланысты әдіскерлердің
кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселесін шешу қажеттілігі туындап отыр.
Ы. Алтынсарина атындағы Ұлттық білім академиясы барлық білім
деңгейлеріндегі оқу-әдістемелік кабинеттердің қызметін біріктіретін және
үйлестіретін әдістемелік инновациялар орталығы ретінде 2600 әдіскерге арналған
біліктілікті арттыру қысқа мерзімді курстарын өткізу мүмкіндігі бар.


«Педагогты әдістемелік қолдау» (көлемі – 72 сағат) атты біліктілікті арттыру
курсы төмендегідей міндеттерді анықтайды:
- әдіскерлердің ғылыми-әдістемелік және біліктілік деңгейін жетілдіру;
- әдіскерлердің нормативтік құқықтық сауаттылығын қалыптасу;
- педагогтерді әдістемелік қолдау механизмін оқыту;
- педагогикалық іс-әрекет диагностикасының дағдыларын қалыптасу.


Тренингтік курстар шеңберінде тыңдаушыларды курстан кейінгі қолдау
жүргізілетін болады. Оқыту нәтижесі әдістемелік іс-әрекеттің мәнін терең түсіну;
педагогтердің инновациялық іс-әрекетін жоспарлау, диагностикалау
ерекшеліктерін білу; білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында әдістемелік
іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру болады.

Уақыт:

72
сағат

Саны:

20
сабақ

Көрсетілді:

18205

көрсетілім

Берілді:

1104
сертификат
Курс бағасы:

5 000

Курс бағдарламасы