OnlineMektep арқылы қашықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады?
Құрметті ұстаздар,
«Online Mektep арқылы қашықтан оқытуды ұйымдастыру» деген онлайн-курс білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен әдіскерлерінің қашықтан оқыту құралдарын меңгеру бағыты бойынша біліктілігін арттыруға арналады.
Курстың мақсаты педагогтарды қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған жаңа OnlineMektep сервисімен таныстыру.
OnlineMektep - Bilimland.kz білім беру порталындағы жаңа сервис. Бұл сервисті Bilim Media Group компаниясының мамандары және Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Білім беру бағдарламалары орталығының жетекші әдіскерлері жасап шығарды.
OnlineMektep сервисінде қазақ және орыс тілдерінде 1-ден 11 сыныптарға дейінгі мектеп бағдарламасының барлық пәндері бойынша 500 000 - нан астам интерактивті тапсырма бар. Тапсырмалар ҚР МЖМБС-на сәйкес білім алушылардың бейімделуін және дербестендірілуін ескере отырып әзірленген.
Курста қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша теориялық материалдар, сонымен қатар OnlineMektep сервисімен жұмыс жасаудың практикалық дағдылары бар.
Онлайн-курстың сабақтарын өткеннен кейін өз бетіңізбен BilimLand.kz (OnlineMektep) сайтында тәжірибе жинауды ұсынамыз.
Курстың қорытындысы бойынша қорытынды бағалауды тапсыру қажет болады. Қорытынды бағалаудың нәтижелері бойынша Сіз OnlineMektep платформасымен қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша біліктілікті арттыру туралы (40 академиялық сағатқа есептелген) электронды сертификат ала аласыз.
Курсты оқудың қатаң мерзімдері жоқ: сіз кез-келген уақытта оқуды бастай аласыз және өзіңізге ыңғайлы оқу қарқынын таңдай аласыз. Өзіңізге ыңғайлы уақытта, қолыңыздағы ыңғайлы құралмен, яғни компьютер, планшет немесе смартфонмен оқи беруге болады.
Біз сондай-ақ оқушылар мен ата-аналарға арналған бөлек онлайн-курсын да әзірледік.
Басталған жаңа оқу жылы барлықтарыңызға құтты болып, білім беру үрдісі сәтті болғай деп тілейміз!
Уақыт:
Саны:
Көрсетілді:
көрсетілім