Ситдикова Альфия Мухамаджанқызы

Ақпараттық  технологиялар маманы. «Бағдарламалық инженерия» бағыты бойынша магистр. 
Ақпараттық жүйелерді енгізу, іске асыру, техникалық қолдау, сондай-ақ онлайн курстар мен қашықтықтан оқыту жүйелерін әзірлеу бойынша жұмыс тәжірибесі бар.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерін кәсіби дамыту бойынша Кембридж Халықаралық емтихан кеңесінің және
«ELForum 2018» қашықтықтан оқыту практиктерінің халықаралық конференциясының қатысушысы сертификаттары бар.

2017 жылдың ақпан айынан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында жұмыс істейді.